Өзің деймін (текст)

Құстарды көрсем сайраған
Жұлдызды көрсем жайнаған
Сағынып жүремін сені
Аруды көрсем айнадан
Өзің деймін өзің деймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Түн болса таңнан сұрадым
Күн болса күннен сұрадым
Жүректе мәңгі өшпейтін
Өзіңсің мөлдір бұлағым
Өзің деймін өзің деймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Өзің деймін өзің деймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Көктемнің ерке самалы
Жанымды тербеп алады
Жалындай лаулап бір сезім
Балқытып мені барады
Жалындай лаулап бір сезім
Балқытып мені барады
Өзің деймін өзің деймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Өзің деймін өзің деймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін
Таң атқанша жаным көз ілмеймін.

 

Сөзі: И.Сапарбай

Әні: Б.Тұрғараев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: