Өзің ғана (текст)

Әлемге алтын нұрдай таратылған
Сен — жарық күнімсің, жаңа туған
Аққудың қанатынан жаратылған
Аруым сенсің, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бар
Асқардағы шынарым — өзіңсің
Аспандағы шырағым — өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым — өзіңсің
Саялаған орманым — өзіңсің
Жапырақ — жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы — өзің ғана
Ақ тілек махаббатсыз арман қайда
Ән ерке сезіммен жалғанбай ма?
Жаратқан екеумізге жар болмай ма
Жанымда жүрші, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бар
Асқардағы шынарым — өзіңсің
Аспандағы шырағым — өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым — өзіңсің
Саялаған орманым — өзіңсің
Жапырақ — жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы — өзің ғана
Асқардағы шынарым — өзіңсің
Аспандағы шырағым — өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым — өзіңсің
Саялаған орманым — өзіңсің
Жапырақ — жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы — өзің ғана
Өзің ғана.

 

Сөзі: И.Сапарбай

Әні: Х.Әбілжанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: