Өмір-ай (текст)

Күндерден озып, күн алмасқан
Жылдарға келіп, жыл жалғасқан
Өмір сырын жүрміз әлі ұға алмастан
Қанша жыл мені еркелетті?!
Қанша жыл мені өкпелетті?!
Арман қуып қанша уақыт текке кетті?!
Сұрақсың-ау бізге сынақсың-ау, өмір-ай!

Өмір-ай сағымдай, өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай, сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің еркімізге бағынбай, өмір-ай

Ғашық боламыз, жек көрерміз
Кешіріп кейде кектенеміз
Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз
Шын жұмбақсың бізге тым қымбатсың, өмір-ай!

Өмір-ай сағымдай, өткінші бір жалындай
Сендегі сұрақтың жауабы жүр табылмай
Өмір-ай сағымдай, сен қамшының сабындай
Зуылдап өтерсің еркімізге бағынбай, өмір-ай

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Нұржан Керменбаев

Видеоға сілтеме: