Өткен күн келмейді (текст)

Бара ғой, алдыңда жол ашық
Қайтесің тағдырмен таласып
Тағы да табарсың бағыңды
Шын сүйген жаныңмен жарасып

Өткен күн келмейді
Мүмкіндік бермейді
Жүрегіңді уақыт емдейді
Өткен күн келмейді
Сағыныш кернейді
Махаббат сөнгенмен, аяулым
Қимастық сөнбейді

Махаббат уақытша жара ғой
Қоштасу көңілге салар ой
Мен саған өкпелі емеспін
Бара ғой, жарқыным, бара ғой

Өткен күн келмейді
Мүмкіндік бермейді
Жүрегіңді уақыт емдейді
Өткен күн келмейді
Сағыныш кернейді
Махаббат сөнгенмен, аяулым
Қимастық сөнбейді

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Арай тобы

Видеоға сілтеме: