28 Панфиловшылар туралы ән (текст)

Бұлт басып күңіренді,
Күзге қарсы ақ аспан.
Дабыл қағып ерлер жөнелді
Қару-жарақ белге асқан.

Кірпік қақпай алға аттай,
Бейне темір болаттай.
Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,
Келсе де жау жер қаптай.

«Ала алмайсың, — деді батыр,
Дұшпанына, — еркімді.
Кең жерімді туған өрт салып,
Бұза алмайсың көркімді!»

Жолын бөгеп дұшпанның
Құрбан болды қайран ер,
Ер боп туған адал баласын,
Қойнына алды туған жер!..

 

Сөзі: Рамазан Елебаев

Әні: Рамазан Елебаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: