Екі ауылдың арасы қар болды ғой, ай,
Бір көре алмай Көкенді зар болдым ғой, ай.
Көкен-ай, қиылған қас екен-ай.
Бір көре алмай Көкенді жүргенімде, ай,
Көрер күнім мен сорға тар болды ғой, ай.
Көкен-ай, қиылған қас екен-ай.
Ақбоз үйге сүйенген
Біздің де қалқаш екен-ай.
Аттандырып хош деген,
Естен де кетер мен екен-ай.
А-а-а-ай, Көкен-ай, біздің де қалқаш екен-ай.
Ақжал шабдар дегенде, ақжал шабдар-ай,
Жануардың жортысы жорғадай бар, ай.
Көкен-ай, қиылған қас екен-ай.
Құйқылжытып осы әнге салғанымда, ай,
Даусың жетсе боз бала үйреніп ал-ай.
Көкен-ай, қиылған қас екен-ай.
Ақбоз үйге сүйенген
Біздің де қалқаш екен-ай.
Қасы да, көзі қиылып,
Қай жерде отыр екен-ай.
А-а-а-ай, Көкен-ай, біздің де қалқаш екен-ай.
Сөзі: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919)
Әні:
Орындаушы: