Өлеңді, оу жақсы айтады жайын білген,
Қақ жарар қара суда жайын жүрген-ай.
Ойна да күл бұл өмірде аз ғана күн,
Тұрады жай құдайың әзірмін деп-ай.
Көлсайдан-ау аққу ұшар байпаңдаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған-ай.
Су құйып-ау сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутаңдаған-ай.
Көлсайдың-ау тұнығында балық жүзген,
Балықты бірге ауладық, жаным, сізбен-ай.
Кеткенде-ау сен алысқа, сәлем айттым,
Жолшыдан келіп жүрген, барып жүрген-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: