Көршінің қызы (текст)

Ғашықтар халқы ұлылық күтті,
Орындалмасын кім білген?..
Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті
Ұзақтау екен шын гүлден.

Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді,
Әкесі де оның жақсы адам.
Ауылдан біздің неге кетеді,
Ауа райы ма жақпаған?

Ол қызға берер антым да дайын,
Сағына білдім әр тәулік.
Алты құрлыққа атыңды айтайын,
Алфавиттегі алты әріп.

Қайырмасы:

Ештеңе етпес кідіріп келсе,
Уақыттың ұзақ көшінен.
Естелік үшін бір күліп берсе,
Ажалдың өзін кешірем.

Қайырмасы:

 

Сөзі: Бекжан Әшірбаев

Әні: Бекжан Әшірбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: