Күләй (текст)

Зарлансам даусым жетпес Күләйіма,
Әйел теңдес келмейтін ұнамыңа.
Қайықтай төңкерілген қара керім
Басқаның бермес едім қылаңына, әй, Күләй.

У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.

Кетпейді, Күләй, даусың құлағымнан,
Жерімнің бара алмадым жырағынан.
Жау шығып дос дегенім арадағы
Айырылдым зарығумен шырағымнан.

У-ай, дүния-ай,
Күн-ай, Күн-ай,
Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай,
Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: