Құдірет-ау, махаббаттың асылы,
Жүрегімді жалындатып барады.
Саған ғана арналады, ғашығым,
Дүниенің бар қызығы, бар әні.
Азабым да — сен,
Ғажабым да — сен.
Ажарым да — сен,
Базарым да — сен,
Айнаш-ау!
Кеудем толы найзағайдың жарқылы,
«Уһ!» — дегенде от шығады жүректен.
Қанатыңмен су себелеп, алтыным,
Өзің ғана құтқара гөр бұл өрттен.
Азабым да — сен,
Ғажабым да — сен.
Ажарым да — сен,
Базарым да — сен,
Айнаш-ау!
Құдірет-ау, махаббаттың асылы,
Оянды ма алау атып арманың?
Дүниенің бар қызығын, ғашығым,
Жалғыз саған, жалғыз саған арнадым!
Азабым да — сен,
Ғажабым да — сен.
Ажарым да — сен,
Базарым да — сен,
Айнаш-ау!
Сөзі: Жұмабай Тәшенов
Әні: Әшірхан Телғозиев
Орындаушы: