Кім едің сен (текст)

Балғын жүзі албырап алау атқан
Балапандай қанатын жаңа қаққан
Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен
Ақ сәулеге оранып бара жатқан
Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын
Аққуға ұсап ойнаған айдын көлде
Орамалың желбіреп таңғы желге
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың неге?
Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын
Күнде алдымнан шығасың таң алдында
Ақша бетің албырап алау нұрға
Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен
Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?!
Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын.

 

Сөзі: С.Жиенбаев

Әні: Ә.Бейсеуов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: