Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым, арай бағым,
Түнде түсте, күндіз өзің жайлы көп ойладым.
Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей,
Оралар деп жаным жолын әр кез қарайладым.
Жаз дидарың жайнаған,
Көзіңнен нұр таймаған.
Жайнаушы еді өзіңмен,
Гүлге толыпайналам.
Бар тілегім, жүрегім,
Сен деп қана ойланам.
Алтын арай таңымда,
Бақытымсың, бағым да.
Жанымның бар бақыты,
Болшы мәңгі жанымда менің.
Қайырмасы:
Жүрегімді жаралап кеттің, ғашығым,
Сезім бағын аралап әнім, асылым.
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым,
Қайда жүрсің сен.
Аққуымсың, бірақ айдыныңа оралмадың,
Арманым боп алдан жолықпадың, қол алмадың
Гүлденерсің жайнап, көктем болып бір келерсің
Жүрсең дағы қайда аман болшы ақ арманым
Жаз дидарың жайнаған,
Көзіңнен нұр таймаған.
Жайнаушы еді өзіңмен,
Гүлге толып айналам.
Бар тілегім, жүрегім,
Сен деп қана ойланам.
Алтын арай таңымда,
Бақытымсың, бағым да.
Жанымның бар бақыты,
Болшы мәңгі жанымда менің.
Қайырмасы:
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: