Қайдасыңдар, қаруластар (текст)

Қара бұлт төніп, қара жер
Қанталап күйіп жатқанда.
Қаңтардай қысып, қайғы шер
Қайысып елге батқанда.

Бірге болған жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Айналып өзен, тас жырға,
Аңыз боп кеткен бір шақта.
Ақ құйын оқтың астында,
Ажалға белді бусақ та.

Қалт етпеген жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Тар окоп болған баспана,
Таңып ап бірге жараны.
Құладық жауды жастана,
Жарқ етіп өмір қарады.

Қайта туған, жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

Қайтпаған елге қырандар –
Мәңгілік солмас гүлсіңдер!
Біріңнен бірің сұраңдар,
Барларың қайда жүрсіңдер?

Бер кездегі жалын жастар,
Қайдасыңдар, қаруластар?

 

Сөзі: Аманжол Шамкенов

Әні: Еркеғали Рахмадиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: