Қайліліләйлім (текст)

Бетің айдай, домбырам, мойның қылдай,
Түрлі-түсті бетіңе салдым шимай-ай.
Күй сандықтың даусындай түрлендіріп,
Дыбысыңды шығаршы байғұсым-ай.

Қайліліләйлім-қайліліләйлім,
Қайліліләйлім-қайліліләйлім-ай.

Екі ішекті домбырам, қақпағың тал,
Дыңғырлайтын ішінде не пәлең бар-ай.
Ақын дейтін ауылға жақын қондық,
Құйма құлақ балалар үйреніп ал-ай.

Қайліліләйлім-қайліліләйлім,
Қайліліләйлім-қайліліләйлім-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: