Қалила-ау (текст)

Хат жаздым қалам алып, шырағым-ай,
Лебізің таудың таза бұлағындай.

Қалила-ау-қалила-ау қалила-ай.

Көзіме көрінесің жарқ-жарқ етіп-ай,
Киіктің тауда ойнаған лағындай.

Қалила-ау-қалила-ау қалила-ай.

Ей, қалқа, ақ дидарың айдан аппақ-ай,
Көрген жан кете алмайды айналсоқтап.

Қалила-ау-қалила-ау қалила-ай.

Аршын төс, алма мойын қарағым-ай,
Жүремін ылғи ғана сені ойлап.

Қалила-ау-қалила-ау қалила-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: