Басың биік, Алатау, баурың жазық,
Қағулы тұр басында алтын қазық.
Дабысыңды сыртыңнан естіп-біліп,
Қалқатайым, атыңа болдым ғашық.
Ат байладым тақырға,
Жем сап қойдым ақырға.
Қанша сұлу болсаң да,
Бері таман жақында.
Ә дегенде даусым шырқып кетер,
Мұрадына шын ғашық әлі-ақ жетер.
Тіршілікте ойнап күл, бозбалалар,
Әне, міне дегенше дәурен өтер.
Ат байладым тақырға,
Жем сап қойдым ақырға.
Қанша сұлу болсаң да,
Бері таман жақында.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: