Колаң шашты, қой көзді, қиғаш қасың,
Сені ойласам қиналар ғазез басым-ай.
Нұр сипатың есіме түскен сайын,
Тамағымнан өтпейді ішкен асым-ай.
Қарай керім,
Қақпан белім.
Күнде той, күнде жиын-ай,
Жүрген жерім-ай.
Мінген атым астымда қарай керім,
Жер ошақтай қазылар басқан жерің-ай.
Нұр сипатың есіме түскен сайын,
Мен несіне аяйын аттың терін-ай.
Қарай керім,
Қақпан белім.
Күнде той, күнде жиын-ай,
Жүрген жерім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: