Қаракөз (4-нұсқа) (текст)

Қаракөз, қайда сенің ыстық шағың,
Дүниеде ғашықтықтың дерті қиын.
Кешегі жиырма бестің базарында
Болушы ед қалқам аулы күнде жиын.

Қара көзің сүзілген,
Қыпша белің үзілген.
Аузыңдағы отыз тіс
Ақ маржандай тізілген,
О, Қаракөз, қалдың кейін,
Мен не дейін,
Еске түссе жан сәулем,
Уайым жеймін.

Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Арасы екі ауылдың шам жаққандай.
Кешегі жиырма бестің отты шағы,
Не керек, өтіп барады күн батқандай.

Қара көзің сүзілген,
Қыпша белің үзілген.
Аузыңдағы отыз тіс
Ақ маржандай тізілген,
О, Қаракөз, қалдың кейін,
Мен не дейін,
Еске түссе жан сәулем,
Уайым жеймін.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: