Көк еркесі Айша қыз майдандағы,
Бомбовозбен аспанды сайрандады.
Оны көрсе қалың жау қапылыста
Амал таппай қайықтай қайраңдады.
Ай, біздің Айша,
Осылайша самғады,
Жауға көктен,
Жүргізді өктем, талмады.
Кемесінің кеудесін жерге тіреп,
Көрген емес еш тәулік жерге түнеп.
Жау дегенде от шашып жанарынан,
Жасқанбайтын ұлан ол, ер көкірек.
Ай, біздің Айша,
Осылайша самғады,
Жауға көктен,
Жүргізді өктем, талмады.
Мың-мың алғыс Айшаның анасына,
Оны өсірген әлпештеп даласына.
Мың-мың алғыс халқына батыр қыздың,
Ерлік салтын үйреткен баласына.
Ай, біздің Айша,
Осылайша самғады,
Жауға көктен,
Жүргізді өктем, талмады.
Сөзі: Смағұл Көшекбаев
Әні: Қайнекей Жармағамбетов
Орындаушы: