Жетер түбі-ай, мақсатқа , ау, тура жүрген, ай,
Айналмайды-ай дәрияға су да бірден, ай.
Шақ боп жүрер-ай, әркім өз, ау, шамасына, ай,
Бір әке , бір-ай, шешеден туғанменен, ай.
Қарлығашым-ай,
Қайда жүрсең-ай.
Аман жүр.
Қарындасым-ай.
Су молаяр-ай, біртіндеп, ау, ақкан сайда ай,
Құралмайды-ай, арамнан тапқан пайда, ай.
Білек бірге-ай, болғанмен, ау, саусақ басқа, ай,
Бір тусақ та, ай, бірге өмір сүрмек қайда, ай.
Қарлығашым-ай,
Қайда жүрсең-ай.
Аман жүр.
Қарындасым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: