Қисмет (1-нұсқа) (текст)

Қисмет бір қызық ән тамашалы,
Естуге ел құмар боп таласады.
Бір өрлеп, бір еңістеп, бір бұлтарып,
Қиялап, орғып ойнап қыр асады.
Жүлгелеп жүрегіңді, өкпеңді өрлеп,
Құрылыс қуатыңмен санасады.

Әридай
Оу, калли лилим, каллилилим

Арғынмын, атым Әсет қара шордан,
Сұрасаң нәсілімді о, шықтым молдан.
Басында қазіретке шәкірт едім,
Осы өлең айдап шықты орта жолдан.
Шалықтап ән шалғысы самғай алмай,
Өлеңім өміріме болды-ау қорған.

Әридай
Оу, калли лилим, каллилилим

 

Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: