Қисмет (2-нұсқа) (текст)

“Қисмет” жаралған жоқ бекер текке,
Шырқалса, көтерілер аспан көкке.
Қалықтап, жерге қонбай тұрып алар,
Шашқандай ән маржанын төңірекке.

Салайын, сен сал десең, “Қисметке”,
Шарықтап даусым шықсын аспан көкке.
Төңкеріліп төгілте бір шырқайын,
Сөйлеу бізден, міндетті тыңдау көпке.

Арғын, найман, сүйінген дабысыма,
Әсет салған ән десін арғы бетте.
Азырақ білгенімше сөз сөйлейін,
Қате болса, ағалар, айып етпе!

 

Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: