Қол айна (текст)

Қалқашым берді қол айна,
Қоштасар шақта сыр айтып.
«Ұмытпа сәулем, мені ойла,
Суытпа жанды мұңайтып…»

Оқуға кетті ол аттанып,
Қарайлап қалдым жолына.
Қайта да, қайта хат барып,
Қуантқан шығар оны да.

Қалқамның берген сыйы деп,
Қайта да, қайта қараймын.
Қарайды маған күлімдеп,
Айнадан менің арайлым.

Көз алмай қарап айнадан,
Көргендей оны болам мен.
Жалынсың деймін лаулаған,
Жанымсың деймін оған мен.

 

Сөзі: Ислам Шұғаев

Әні: Садық Кәрімбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: