Қорлан (текст)

Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,
Дариға арманым көп не қылайын.

Қайырмасы:
Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан.

Бозбала, қалма қапы бұл жалғаннан,
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған.

Өзіңдей боп жан тумас,
Туса туар, артылмас.

Бар ғаламды шарықта,
Уа, дариға, ләулік тас.
Бағдат, Мысыр, Шың, Машын,
Іздесем Қорлан табылмас.

Қайырмасы:

 

Сөзі: Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868-1946)

Әні: Естай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=kbG6wdjhFpY