Секірген қырдан қырға тел, құлыншақ,
Ойнақтап жарысайық кел, құлыншақ.
Ойнаған өз теңімен еркетайдай,
Сүйкімді неткен жансың, сен, құлыншақ.
Құлыншақ, ойнақтайсың қоңыр кеште,
Асыр сап ертелі-кеш төстен төске.
Кеткенде алыс аулың, қарағым-ай,
Асыр сап ойнағаның түседі еске.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: