Көрген жерде-ақ өзіңе болдым ғашық,
Аха-хай,
Білдірмедім алашқа аузымды ашып,
Құрбаужай.
Бал-шекерге малынған алтын қасық,
Аха-хай,
Сөйтіп қашан жүреміз араласып,
Құрбаужай.
Айың жарық, итің сақ,
Ебін тауып ойнасақ.
Кеудешеңді қос алма қуыстаған,
Аха-хай,
Бір шығады құмардан уыстаған,
Құрбаужай.
Бейнеңнен мен көз алмай бір келемін,
Аха-хай,
Бір қарашы тым болса дұрыс маған,
Құрбаужай.
Айың жарық, итің сақ,
Ебін тауып ойнасақ.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: