Көктем көгін молайтып,
Қырды гүлге бөледі.
Қуанышты ән айтып,
Құстар қайтып келеді.
Аймалап күн бау-бақты,
Арай шуақ төгеді.
Аңсап біздің аймақты,
Құстар қайтып келеді.
Түрлі гүлін сыйлаған,
Дала қандай кең еді.
Туған жерін қимаған,
Құстар қайтып келеді.
Сөзі: С. Әлімқұлов
Әні: Н. Дүкенбай
Орындаушы: