Жаз шықса, құрт-құмырсқа жыбырласып,
Тірілер өлген дене қимылдасып.
Қарулы, өзі жылпың бозбалалар
Ел көшсе, жүк артысар қом қомдасып.
Ел қонса, үй тігісіп, жүк жинасып,
Сыпсыңдап қыз-келіншек сыбырласып.
Аулақта кездесе алмай жүрген жастар
Ымдасар бір-біріне жымыңдасып.
Сөзі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Әні:
Орындаушы: