Махаббат деген кандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
Қайырмасы:
Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме жаным егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Недерсің мынау, недерсің мынау көңілге.
Күлерсің дағы жыларсың,
Жыларсың дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын,
Жаным-ау кімнен, жаным ау кімнен сұрарсың.
Махаббат өмір ғажабы,
Ал қызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз,
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
Қайырмасы:
Махаббат — мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп бір жүрсең шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.
Қайырмасы:
Сөзі: И.Сапарбай
Әні: Б.Тұрғараев
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=pbGubWtbwFY