Ақ тары жаншылмайды түктегенде,
Ақ алмас жасымайды бүктегенде.
Тиердей төбем көкке қуанамын,
Кешікпей кездесеміз күт дегенде.
Ей, жан қалқа, арманым-ай,
Арманым-ай, жан қалқа,
Ардағым-ай, ау, сен ғана.
Алаштан асып туған сымбаттым-ай,
Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай.
Арманым бұл жалғанда болмас еді,
Күн болса қосатұғын саған құдай.
Ей, жан қалқа, арманым-ай,
Арманым-ай, жан қалқа,
Ардағым-ай, ау, сен ғана.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: