Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын,
Жастықтың базары деп.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Тұрса да асқар алда,
Қайтпайтын қайсар деп ем.
Жан сырын басқаларға,
Айтпайтын байсалды деп ем.
Қос шектің естілмеген,
Үніндей қиялдадым.
Көңіліңді ешкімге мен,
Күлімдей қия алмадым.
Демедім көптің бірі,
Еш кінә таға алмаспын
Деп едім, өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.
Іздедім таң нұрынан,
Бірі деп арайлардың.
Биіктің барлығынан,
Көрем деп қарайладым.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын…
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: