Уақыттың жылжымайтын,
Теңізі арада тұр,
Жанымды күзге тастап,
Жаз да өтіп бара жатыр…
Болмайтын еркі өзінде,
Ақ бұлтпен бір екенсің,
Барайын іздеп сені
Қай жерде жүр екенсің?
Қайырмасы:
Мен сені сүйеді екем,
Түндерде ұйықтай алмай.
Мен сені сүйеді екем,
Сырымды сақтай алмай.
Мен сені сүйеді екем,
Атымды жаттай алмай,
Мен сені сүйеді екем,
Жыласам, тоқтай алмай…
Мен сені сүйеді екем,
Бақыттан құлап алып,
Мен сені сүйеді екем,
Азырақ жылап алып.
Мен сені сүйеді екем,
Соңғы рет соны білдім,
Мен сені сүйеді екем,
Сыйы деп тәңірімнің.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: