Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін,
Табудан үмітімді үзбегенмін.
Сенбесең, үңіл менің іздеріме,
Сауырын соқпақ еткен, жүзбенен мұң.
Қайырмасы:
Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.
Бозартып, көңілімнің көшкіні еткен,
Басымнан талай-талай- көшті көктем.
Тамшы боп тереземді қаққақн сонда
Дүрсілін жүрегімнің естімеп пе ең?!
Қайырмасы:
Құшағың қарсы алдымнан тұрса да ұшып,
Өзгеге болмап едім, мұнша ғашық.
Сәлемің сенің ғана серпілтеді
Көңілім көп нәрседен жүре жасық.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=oxf1nWH4dsM