Мені ойла (текст)

Сеземін сүйген жүрекке
Сағыну соқпас оңайға
Дегенмен қалқам қалайда
Қалт еткен шақта мені ойла
Таңертең тұр да шықты көр
Оянған шақта мені ойла
Шұғылыға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла
Дүниені нұрлы кірпігің
Қамастырғанда мені ойла
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла
Арайда балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Жым-жырт боп тегіс айналаң
Жалғыз қалғанда мені ойла
Тағатсыз аңсар ынтық үн
Жаралы хал ғой ғашық хал
Рояль көрсең бір тілін
Мені ойлап бар да басып қал
Тек қана көзге жас алма
Ойлай бер мені күніге
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

 

Сөзі: Т.Айбергенов

Әні: М.Жалаңбасов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: