Ақ ерке-ай (текст)

Қош болғайсың, ей қалқам, қош болғайсың,
Боз жорғаның шылбырын бос салғайсың.

Іңкәржан,
Ақ ерке-ай, аман бол.

Аулың шалғай кеткенде, қарағым-ай,
Мен құрбыңды қалды деп еске алғайсың.

Іңкәржан,
Ақ ерке-ай, аман бол.

Ойнап-күлген жерінде сұңқар қалды,
Бозбалалар ауылы алыс қалды.

Іңкәржан,
Ақ ерке-ай, аман бол.

Алыс қалған ауылыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайрылып мойным талды.

Іңкәржан,
Ақ ерке-ай, аман бол.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: