Мен айтайын өлеңді ермек болсын,
Естіген жұрт көңілі сергек болсын.
Мінайдай,
Мына бір әнім ұнай ма-ай.
Қазақша өлең айтайын бір-екі ауыз,
Жас балаларға кейінгі өрнек болсын.
Мінайдай,
Мына бір әнім ұнай ма-ай.
Жоғарыдан келемін төмендетіп,
Құлан қара ат міндім шөмеңдетіп.
Мінайдай,
Мына бір әнім ұнай ма-ай.
Құр қарап отырғаннан не шығады,
Отырайық одан да өлеңдетіп.
Мінайдай,
Мына бір әнім ұнай ма-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: