Бұлдыр-бұлдыр көрінер қашқан тазы,
Күні қараң бұлбұлдың қапастағы.
Әридай, әридай,
Ақша жүзің, Нағима-ай!
Қаз ойнаған қарға мен ар емес пе,
Бұрынғыдан ғашықтық қалса-дағы.
Әридай, әридай,
Ақша жүзің, Нағима-ай!
Шауып шықтым басына жеті қырдың,
Жоны жақсы, жалы жоқ бөкен сұрдың.
Әридай, әридай,
Ақша жүзің, Нағима-ай!
Тауда да бар, талабы таста да бар,
Ақ жүзіңді, Нағима, неге бұрдың?
Әридай, әридай,
Ақша жүзің, Нағима-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: