Аспандағы айма дедім,
Жастық шағым қайда менің.
Жүрегімді елжіреткен,
Жаным қандай жайдар едің.
Нүрикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың-ай.
Қолым жетпей сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай.
Ойың озық сөзің тәтті,
Қандай Ана сені тапты.
Көңілімді жарасынан,
Сыймай тасып сезім жатты.
Нүрикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың-ай.
Қолым жетпей сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай.
Күлімдесе ай қабағың,
Қалай ғана жай табамын.
Көктем гүлі ұшқым келіп,
Жердемін деп ойламадым.
Нурикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың-ай.
Қолым жетпей сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай.
Қолым жетпей сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай.
Жаутаңдадым қабағыңа-ай қарағым-ай.
Сөзі: Х.Есенғараева
Әні: Т.Ізтай
Орындаушы: