Арасында тұманның,
Мен адасқан құланмын.
Жақындама жыласам,
Мен жаралы бір аңмын.
Сағыныштың сан күні,
Басылмаса жаңбыры.
Жұбатам деп ойлама
Ол да менің тағдырым.
Қайырмасы:
Ой, ой
Ойламайтын күнім жоқ,
Ойлай берсем түбі жоқ.
Жылатқан, жылытқан.
Ой, ой
Сенен ауыр көрмедім
Неге маза бермедің?
Ол мені ұмытқан.
Мұңын шағып түнгі айға,
Бөрі-жүрек тыңдай ма?
Сүлейменнің жүзігін
Қайта тағар күн қайда?
Арман қалсын төсіңде
Елес қалсын есінде.
Кеткен бе едің қалдырып,
Ойлар талап жесін деп.
Сөзі: Бауыржан Есебаев
Әні: Бауыржан Есебаев
Орындаушы: