Ой, дариға, қара көз (текст)

Көл шетінде, перизат, құрақтайсың,
Он жасында секірген лақтайсың.

Ой, дариға, қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Жанарыңа қарасам көз тоймайды,
Құйып қойған шыныға сынаптайсың.

Ой, дариға, қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Алтын аяқ болғанда, күміс табақ,
Құралай көз болғанда, қиғаш қабақ.

Ой, дариға, қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Іздегенмен сіздей жан табылмайды,
Табылса да болады некен-саяқ.

Ой, дариға, қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: