Ақ келін (текст)

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,
Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.
Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең,
Ақ келін боп аттадың,
Ақ келін боп аттадың босағаны.

Қайырмасы:
Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,
Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?
Басқа тойлар бастауы — бүгінгі той,
Бүгінгі той — қоштасу,
Бүгінгі той — қоштасу балалықпен.

Сәлем салып, басыңды ие бердің,
Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кім?
Міне, сондай жеңгелер жолын қуып,
«Ана» деген жақсы атты,
«Ана» деген жақсы атты иеленгін.

Шауып кетіп барады құлын-күнің,
Сен бойжеттің – осыны ұғын, гүлім
Ақ дастархан үстінде ақ бата алып,
Жаңа өмірдің ашасың шымылдығын.

Қайырмасы:

Ата-енеңді құрметте, отағасын,
Берік қылып осы үйдің босағасын
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шаттығы – От-Анасың.

 

Сөзі: Нәзира Бердалы

Әні: Гауһар Әлімбекова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: