Мінгенім топтан таңдап боз көк ала,
Сала алмас біздің әнге пай-пай өзге бала, ай-хай.
Арадан қыл өтпейтін қимас қалқа,
Барамын аулыңа пай-пай, сізге бола, ай-хай.
Екі-ай құла, жалын сыла,
Өкінбе өткен іске пай-пай.
Қайырын сұра, ай-хай.
Қалқатай, сен дегенде ойым бөлек,
Өлеңге он жасымнан пай-пай болдым зерек, ай-хай.
Ойымнан жатсам, тұрсам бір шықпайсың,
Көзіңнен айналайын пай-пай, дөп-дөңгелек, ай-хай.
Екі-ай жирен, жалын түйген,
Сен едің сері қалқам, пай-пай.
Жаным сүйген, ай-хай.
Сары әйнегім, сандал көгім,
Немене сен жоқ жерде пай-пай.
Көрген күнім, ай-хай.
Пай-пай тамаша,
Дайым менің мінгенім құла бөрте,
Құйрығы ұзын бөртенің, жалы келте.
Пай-пай,
Бұл не деген тамаша.
Төстен қашқан түлкідей шұбалаңдап,
Әріптестің қойнынан тұрсам ерте.
Пай-пай,
Қос арманым, ай-хай.
Ұшып жүрген әуеден қоңыр қазым,
Кім біледі күнәнің көбін-азын.
Пай-пай,
Бұл не деген тамаша.
Барған жерің, әріптес, жақсы болса,
Майпаңдасын алдыңнан қоңыр қазың.
Пай-пай,
Бұл не деген тамаша.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: