Мақтанба болдым ғой деп бағыңызға,
Жолатпай ешбір пенде жаныңызға.
Ақ қайың, жан сәулем, айдаридай, а-ай.
Дүние айнымалы жел емес пе,
Бір күн жоқ бақыт тайған шағыңызда.
Ақ қайың, жан сәулем, айдаридай, а-ай.
Дүние бірде олай, бірде былай,
Болады жар құласа дария ылай.
Ақ қайың, жан сәулем, айдаридай, а-ай.
Айырылған анасынан жетім ылақ,
Су ішіп күн көреді маңырай-маңырай.
Ақ қайың, жан сәулем, айдаридай, а-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: