Сағындым, сағым жылдар (текст)

Сағындым сағым уақыт
Табатын жаным бақыт
Балалық ұяның
Қарлығаш қиялың
Еске алып тербелемін
Жұлдызын көгімнің
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін
Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бір арман
Сен де бір жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің
Сағындым сағым жылдар
Өттің-ау ағып, жылдар
Баладай алаңсыз
Баянды, баянсыз
Тағдырға бағынумен
Оралып келе алмай
Достарды көре алмай
Күн кештім сағынумен
Сағыныш-ай, сағыныш-ай
Сен де бір арман
Сен де бір жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің.

 

Сөзі: Ш.Сариев

Әні: Г.Даукенова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: