Сағыныш (текст)

Зымырайды менің сол күнім
Бірде шаттық, бірде зар күнім
Сарқырайды селім, толқиды өзен
Қай жағада мені күтіп тұрсың сен?

Қай мұхитқа құйылар екен арна
Жанның дертін жаза алар дауа бар ма?
Тымжырайды шіркін көңіл неліктен?
Айтшы жаным қай шамада тұрсың сен?

Бақытым қайдан, айтсаңшы-ау, сені табамын?
Сағыныштан сарғайдым-ау, сен ше жаным?
Қатты қиналдым

Махаббаттың сыры осындай ма еді?
Қаламын дегенге сенбеспін енді
Арылмадың неге көңлім қайғыдан?
Қол бұлғарсың жаным айтшы қай қырдан?

Қайткенде де жетермін саған жаным
Бақытым менің емес шығар сағым
Сөзімді айтып сыйлар едім гүлдесте
Сыбырлашы тұрсың қандай белесте?

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: