Салайын, ән сал десең, ырғаңдатып,
Сұлу қыз шаш тарайды бұлғаңдатып.
Қыз мінген қызылторы жүрісіндей,
Салайын мен әніме бұлғаңдатып.
Салайын мен әнімді бұлғаңдатып-ай, ля-ля-ляй.
Бетке алып, қаз қаңқылдап қайтса көлден,
Дауысым ашылады айтсам өлең.
Өлеңнің алтыны бар, күмісі бар,
Қалқалар, қалайсыңдар қандай өлең?
Салайын мен әнімді бұлғаңдатып-ай, ля-ля-ляй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: