Сары беткей (текст)

Өлеңд(і)-ай, оу, айта алмайды-ай, оу, арындаған,
Қуырдақ ас болмайды жалындаған-ай.
Дүрия-ай, оу, қанша-ау болсаң, оу, бәрің мейман,
Пенде жоқ бірін-бірі сағынбаған-ау.

Ендеше, оу, сары беткей, оу, сары беткей,
Жатады сары беткей қары кетпей-ау.
Ойнап-күл, оу, тіршілікте, оу, келсе шамаң,
Бетіңнің қызылшығы, әрі кетпей-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: