Ақ мақта (текст)

Жан едім көп сенімін, серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Мен де бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Құрбыжан, қарай берме көп қадалып,
Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып.
Алыстан сығаламай, ауылға кел,
Теруге ақ мақтаны бір баралық.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Елімнің көңіліндей кең даламыз,
Кел, біздің ауылымызға қарсы аламыз.
Толқыған ақ алтынның ортасында,
Шырқатып «Мақта» деген ән саламыз.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

 

Сөзі: Нұтфолла Шәкенов

Әні: Мұқан Төлебаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: