Сәулем-ай (2-нұсқа) (текст)

Сарғайдым жолыңа мен қарай, қарай,
Хабарсыз кеттің, сәулем, неге бұлай?
Жастықтың ауытпалы толқынында,
Жүрмісің ойға қалып әлдеқалай.

Ерітіп жүрегіме түсірдің шоқ,
Жан сәулем, сенен басқа сүйерім жоқ.
Ұмытсаң алысқан қол, айтқан сертті,
Амал не, махаббатқа атқаның оқ.

Қандай іс жолыңдағы тұрған бөгеп?
Білемін, табылады саған жар көп.
Сонда да үмітімді үзгенім жоқ,
Аңсаған арманыма жетемін деп.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: