Сәулетай, шын сүйікті ғашығымсың,
Тең туған дидар сертің, о-хо-хоу, нәсілімсің.
Талабым сізге деген таудан үлкен,
Айтылмай іске неге, о-хо, хоу, жасырынсын.
Халилім, ай-ау,
Халилім, ай-ау,
Халилім-ау, о-о,
Халилім ләй, о-хой.
Көп уайым қылдым қалқа жүзін көрмей,
Мақсатқа қол жетпейді, о-хо-хоу, тілек бермей.
Тамамдап сипатыңды термек едім,
Тоқталды жарып тілім, о-хо-хоу, сөзге келмей.
Халилім, ай-ау,
Халилім, ай-ау,
Халилім-ау, о-о,
Халилім ләй, о-хой.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: